Қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 7 ақпан күні «Психологиялық еркін таңдау әдістері»-тақырыбында педагог-психолог мамандардың қатысуымен №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасында семинар өтті.
Белгілі педагог-психолог ғалым Қ.Жарықбаев: “Мектеп жасына дейінгі балалар— ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімдігін, жылдамдық пен оңайлықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіруді, лақтыру, қарғу, өрлеу сияқты атрибуттарды үйреніп қана қоймай, адалдық, шындық, принципшілдік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады”- дегендей, семинарда «Балалардың агрессивтілігін бәсендетуде ойындардың маңыздылығы» деген тақырыпта №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақша психологы Карабасова Г.А өз тәжірибесімен бөлісті.
Қазіргі заманда оқыту, білім беру саласында өзгерістер қарқынды іскеасырылуда.
Оқытуда қолданылатын инновациялық әдістәсілдер, технологиялар тез және қарқынды түрде дамуымен қатар,
олардан туындаған жаңа өнімдер пайда болып, аз уақыт ішінде оларғадеген сұраныс та артып отыр.
Инновациялық әдістәсілдерді игеру үшін жаңа біліктер мен дағдылар қажет, осы қажеттілікті
аз уақыт аралығында қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ барлығымызды ойландырады.
Осы ретте әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды «Мектепке дейінгі ұйымда тимбилдинг жаттығуын және коучинг технологиясын қолдау» атты тақырыбында №55 балабақша психологы Мухлесова А.К өз жұмысын ұсынды.