Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі «Үздік педагог» конкурсын жариялайды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидалары 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілді.
Бекітілген қағиданың талабы бойынша конкурсқа қатысушының кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар, білім беру ұйымының штаттағы педагогі болуы тиіс.
Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына Бөлімге білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:
- Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
- Білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;
- Жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
- Жеке басын кәуаландыратын құжаттың көшірмесі;
- Білім беру ұйымының комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
- Электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;
- Оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2- қосымшада келтірілген);
- Эссе, эссе тақырыбы жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
- Осы Қағидаларға 3- қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик;
Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшағы сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.