2020 жылдың 28 ақпан күні Қалалық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы қалалық білім бөліміне қарасты №34 көпсалалы мектеп – гимназиясы базасында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру;
- мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру.
Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын 20 команда қатысты.
Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан, екінші тапсырма – геометриядан, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалар болды.
І кезең тапсырмаларын шешуге 10 минут; ІІ кезең тапсырмаларын шешуге 15 минут; ІІІ тапсырмаларын шешуге 20 минут; ІV кезең тапсырмаларын шешуге 25 минут, барлығы 70 астрономиялық минут ұсынылды. Кезең қорытындылары электрондық таблодан көрсетіліп, қорытындысында 50 ұпай жинаған №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің «Модуль» командасы І дәрежелі Дипломмен, №20 мектеп- лицейінің командасы мен №27 орта мектептің «Формулалар» командасы ІІ дәрежелі Дипломмен және М.Ломоносов атындағы орта мектептің «Пифагор», №19 мектеп-гимназиясының «Ақжол», №6 орта мектептің «Биссектриса», Қалалық IT мектеп- лицейінің «Q-light» командалары ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. «Ақтық кезеңге» қатысушы командалардан 19 ниет білдіруші қатысты. Оларға 15 минут ішінде 3 тапсырма орындауға беріліп, нәтижесінде оза шапқан жекелеген мұғалімдер жүлделі орындармен марпатталды. Атап айтсақ, қалалық IT мектеп- лицейінің мұғалімі Шанина Жанар мен Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Мухтаргалиева Жайнар ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталса, №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің мұғалімі Сайлаубаева Ақбота ІІ дәрежелі Дипломмен және қалалық IT мектеп- лицейінің мұғалімі Еркинова Ақерке І дәрежелі Дипломмен марпатталды. Осы аталған ұстаздар алдағы наурыз айында өтетін Республикалық «Математика регата» олимпиадасына жолдама алды. Ұстаздарымызға алда жарыста сәттілік тілейік!