|
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасы
|
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есепке алу тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).
- Азаматтарды есепке алуды олардың тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүргізеді.
Құжаттарды қараудың және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюдың мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
2-тарау. Азаматтарды есепке алу тәртібі
- Азаматтардың есебіне:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адамдарды;
5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
8) дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар қойылады.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, балаларды асырап алғысы келетіні туралы өтініш (еркін нысанда) береді.
- Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
- Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
- Көрсетілетін қызметті алушының және, егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, егер некеде тұрған болса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, неке қию туралы куәлікті, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде балалардың туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қызмет беруші қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
- Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес бала асырап алуға үміткер болуға сәйкестігін тексереді.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушыдың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды және акт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындайды.
- Көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға порталға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алғаны туралы хабарлама жібереді және оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.
Оң қорытынды алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар Республикалық деректер банкінде қамтылған асырап алуға жататын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізеді.
- Көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, орган қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға порталға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
- Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда сол сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды
- Республикалық деректер банкінде жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтатуға:
1) тұлғаның баланы отбасында тәрбиелеуге қабылдауы;
2) Республикалық деректер банкінде ол туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтату туралы өтініш;
3) тұлғаға баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндері берілген жағдалардың өзгеруі;
4) баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғаның қайтыс болуы негіз болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
Қазақстан Республикасының |
"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
10 (он) жұмыс күні |
4 |
Қызмет көрсету нысаны |
Электрондық |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) қорытындысының дайындығы туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады). |
8 |
Құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш; |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы; |
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады. |
|
Қазақстан Республикасының |
|
Нысан |
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ
- Азаматтардың жалпы мінездемесі
Тегі ________________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________
туған күні ___________________________________________________________
азаматтығы _________________________________________________________
білімі _______________________________________________________________
жұмыс орны ________________, лауазымы _______________________________
тұратын мекен-жайы __________________________________________________
некеде ____________________ бастап ___________________________________
(тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн)
бұдан бұрынғы некелері ______________ бастап _____________ дейін
(иә, жоқ)
тегі ________________________________________________________________
аты ________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________
туған күні ___________________________________________________________
азаматтығы _________________________________________________________
білімі ______________________________________________________________
жұмыс орны ________________, лауазымы ______________________________
тұратын мекен-жайы _________________________________________________
некеде ___________________ бастап ___________________________________
(тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн)
бұдан бұрынғы некелері _____________ бастап ______________ дейін
(иә, жоқ)
балалары ___________________________________________________________
(бар, жоқ)
тегі _________________________________________________________________
аты _________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
туған күні ____________________________________________________________
құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек) _____________
бірге тұрады ________________________________________________________
(иә, жоқ)
- Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы
жалпы ауданы _______ (ш.м.), тұрғылықты ауданы _____________ (ш.м.)
тұрғын бөлмелердің саны _____________________________________________
тіркелгендер ________________________________________________________
(тұрақты, уақытша)
тұрады ____________________________________________________________ ,
(тұрақты, уақытша)
оның ішінде _______________________________________ құқығымен
(меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)
үйдің, пәтердің тиесілілігі _____________________________________________
(мемлекеттік, жеке)
тұрғын үйдің жайлылығы _____________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер _________________________________
- Отбасы мүшелерінің және бірге тұратын азаматтардың сипаттамасы
отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
тегі _________________________________________________________________
аты _________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
туған күні ____________________________________________________________
азаматтығы __________________________________________________________
жұмыс/оқу орны _______, лауазымы/мамандық _____, жылдық табысы ______
туыстық қатынастар
бірге тұратын басқа азаматтар:
тегі _________________________________________________________________
аты _________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________________
туған күні ___________________________________________________________
азаматтығы __________________________________________________________
жұмыс/оқу орны _______, лауазымы/мамандық ______, жылдық табысы _____
құқықтық қатынастар _________________________________________________
(жалдаушы, қосымша жалдаушы құқығы, басқа (көрсету)
- Биографиялық деректер
балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы ахуалы _______________
ата-анасымен қарым-қатынасы _____________________________________
аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен
қарым-қатынасы _________________________________________________
- Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар
отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы ______________
отбасының қазіргі уақыттағы жағдайы _________________________________
бала асырап алушылардың жеке қасиеттері _____________________________
қызығушылығы, бос уақытын өткізуі ___________________________________
дүниетанымы _______________________________________________________
дінге _______________________________________________________________
бала тәрбиелеуге көзқарасы __________________________________________
балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы _____________________
жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы _______________________
- Бала асырап алуға себеп
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
- Қорытынды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(баланы отбасына қабылдау үшін қажетті жағдайлар бар ма)
__________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тексеріс жүргізген тұлғаның
лауазымы
20__ жылғы "____" __________ __________________ (қолы)
"Таныстырылды":
_______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы
_______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы
|
Қазақстан Республикасының |
|
Нысан |
|
____________________________ |
Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ
(астын сызу)
Тегі _________________________________________________________________
аты _________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
туған күні ____________________________________________________________
тегі _________________________________________________________________
аты _________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
туған күні ____________________________________________________________
мекен-жайы (тұратын мекен-жайы, индекс) _______________________________
Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туыстардың бар-жоғы және олардың бала асырап алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Білімі және кәсіби қызметі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Денсаулық жағдайының сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала
асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бала асырап алуға себеп
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Азамат ______________________________________________________________
(өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)
бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды
____________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы
20__ жылғы "____" __________
М.О. __________________ (қолы)
|
Қазақстан Республикасының |
|
Нысан |
|
_________________________
|
Бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу туралы хабарлама
______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________( көрсетілетін қызметті алушының туған күні)
Бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды алу үшін
_______________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының мекенжайы)
_______________________________________________________________
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) хабарласу қажет.
Жауапты тұлғаның ЭЦҚ расталған хабарламасы:
_________________________________________________
(жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы).